ӘЛЕМНІҢ ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМЫ – ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БЕЙНЕСІ

2020 жылдың 20 ақпаны күні Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №171 орта мектепте қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Әлемнің заманауи ғылымы – жаратылыстану бейнесі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты – құндылықтарға негізделген білім беру, заман талабына сай іскер, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеуге ықпал ету.

Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында мектеп мұғалімдері ашық сабақтар көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай 10 «А» сыныбы «Ұлы даланың Ұлы тұлғасы – Әбу Насыр әл-Фараби» тақырыбында сахналық қойылым көрсетті. Келген қонақтармен «Ағылшыншаңыз қалай?» танымдық ойыны ойнатылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі Ұлтай Зікірқызы «Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құру ерекшеліктері» тақырыбында мұғалімдермен тренинг өткізді. Тренинг барысында мұғалімдер пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Келген қонақтар жүргізілген сабақ барысындағы пән мен ағылшын тілді қатар меңгертуде, түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, өз тәжірибелерін көрсете білгенін айтты.

Семинар жұмысының қорытындысында ашық сабақ көрсеткен шығармашыл ұстаздар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының және қалалық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ