ОҚУДЫ ІЛГЕРІЛЕТУДІҢ ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ: БУКТРЕЙЛЕР БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Оқуды ілгерілетудің заманауи цифрлық ресурстары» атты ІІ республикалық онлайн буктрейлер байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқау мақсаты – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мектеп мұғалімдерінің оқу мен оқытуды насихаттау үшін заманауи ақпараттық-медиа құралдарды пайдаланудағы озық тәжірибелерімен танысу және тарату. Білім алушылардың көркем және танымдық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында цифрлық ресурстарды құру үшін педагогтердің ақпараттық-медиа құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.

Буктрейлер – кітап немесе шығарма желісіндегі 2-3 минуттық қысқа бейнежазба арқылы визуалдық құралдардың көмегімен шығармашылық, ғылыми-танымал, деректі шығармаларға назар аудару және оларды оқуға оқушыларды қызықтыру, ынталандыру. Буктрейлерде шығарма идеялары туралы қатысушы өзіндік көзқарасын шығарма мазмұнынан алшақтамай көрсетуі қажет. Негізгі жанрлары: мультфильм, бейнефильм, музыкалық клип, жарнамалық ролик.

Буктрейлер байқауына 30-ға жуық жұмыс келіп түсті. Үздік танылған жұмыстардың өзіндік айтар ойы, идеялары жоғары деңгейде болды. Қорытындысында Сағымбай Әлия, Сматуллаева Эльмира, Жалғасбаева Айнұр, Балкембай Сағынтай, Жарасова Шамшырақ т.б. педагогтердің жұмыстары жоғары бағаланды, аталған жұмыстар алдағы уақытта республикалық кезеңге жолданатын болады.

Қатысушылар институт тарапынан Дипломдар мен Алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ