ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ СЫНЫПТАС ТЫС ЖӘНЕ ҮЙІРМЕ САБАҚТАРЫНЫҢ АШЫҚ АЛАҢЫ

 

2020 жылдың 27 ақпаны күні Қызылорда қаласындағы №267 орта мектепте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Қызылорда қалалық білім бөлімі мамандарының қатысуымен «Жаңартылған білім беру жүйесі негізінде білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудағы сыныптас тыс және үйірме сабақтарының ашық алаңы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Семинардың басты мақсаты – ерікті жыл аясында үйірме жұмыстарына қатысатын ерікті мүшелер санын арттыру және білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Аталған шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары, т.ғ.к. С.Серікбаев, инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының тренерлері У.Есмаганбетова мен М.Смагулова қатысты.

Іс-шара бағдарламасы кешенді сипатта әзірленген. «Шығармашылық ізденіс – шеберлік баспалдағы» атты блокта білім алушылардың ұлттық қолөнер бұйымдарының шығармашылық галереясымен таныстырды.

Екінші блокта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Қазақ халқы –Абайдың халқы» тақырыбында шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

Үшінші блокта «Оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру: іс-әрекет, тәжірибе, ізденіс» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырылды. Осы бағытта сыныптан тыс және үйірме жұмыстары арқылы мектеп пен ата-аналардың өзара серіктестігін, бірін бірі қолдауын арттыру және сыныптан тыс үйірме жұмыстарын инновациялау тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың өзектілігі бірнеше пән мазмұнын және пәндер мен сыныптан тыс сабақтарды кіріктіру тұрғысынан айқын көрініс тапты. 3-сынып бойынша қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндерін, 8 сыныптың қазақ тілі, биология, география пәндерін кіріктіріп оқытудың жаңа үлгілері көрсетілді.

Сонымен қатар, «Я знаю!» зияткерлік викторинасы, «ART студиясының қобыз үйірмесімен біріккен сабағы», Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша «Өнегелі өмір», математика пәнінен «Жұлдызды сәт» және т.б. шаралар озық үлгіде, жоғары деңгейде көрсетіліп, мұғалімдердің ыстық ықыластарына бөленді. Қатысушы мамандар оң көзқараста бірнеше кері байланыс беріп, ең тиімді тұстарына тоқталды, тәжірибе алмасудан гөрі нақты үлгі алып үйренген жұмыстарын атап көрсетті.

Семинар жұмысында шығармашыл ұстаздар ашық жұмыс түрін көрсетті.

Жиын соңында үздік жұмыс көрсетіп, шығармашылық идеялар ұсынған ұстаздар «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қызылорда облысы бойынша ПҚ БА институтының Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ