ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ – ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

Қазіргі таңда Қызылорда облысында Отан үшін отқа түскен, қан майданда қайсарлықпен күрескен 16 ҰОС ардагері бар. Олардың 8-і Қызылорда қаласында тұрады.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық партия мүшелері жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында ҰОС ардагерлерін құттықтауды дәстүрге айналдырған. Бүгін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова, Қызылорда қалалық Нұр Отан партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов, кәсіпкер К.Тоғызбаев және Өрлеу Бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Елеусінов Қызылорда қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңістің 75 жылдық мерекесімен құттықтады.

Ардагерлерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығының арнайы медалі мен Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтауы, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің құттықтау хаты тапсырылды. Кәсіпкер К.Тоғызбаев 16 ҰОС ардагерлерінің әрқайсына 75 мың теңгеден сыйақы берді. Майдан даласында Отан үшін от кешкен қаһарман батырларымыздың ерлігі – бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге екенін айта келе, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерлерге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Ардагерлер мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ризашылық лебізін білдіріп, ақ баталарын берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ