ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

 

Мұғалімнің шеберлігі – оның құзырлылығы. Мұғалімнің құзыреттілігін дамытуда басты рөлді оның кәсіби және педагогикалық қабілеттері атқарады. Қабілеттердің дамуы әрбір құзырлы мұғалімнің иеленуі тиіс педагогикалық білімі мен дағдыларына тікелей байланысты.

Бірқатар ғылыми психологтар білім алушылардың жоғары дамуын қамтамасыз ету мақсатында оқу үдерісін саналы басқару үшін мұғалімдер оқушының ішкі психоэмоционалды жағдайын, мінезін, жеке қабілеттерін біліп, іс-әрекеттегі өзгерістерді ескере білуі керек деп көрсетеді. Демек, ойлау мен әрекеттің жаңа түрлерін дамытуға көмектесуі қажет.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ-ның 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 4-16 мамыр аралығында орта білім беру ұйымдарының 5-9 сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында курс онлайн режимінде өткізілді.

Курс қатысушылары орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту бағдарламасының мазмұнын нормативтік құжаттардан бастап игерді. Қазіргі білім беру жағдайындағы педагогтің білім беру қызметін реттейтін мемлекеттік білім стандарты және оқу бағдарламасының талаптарымен танысты.

Біліктілік арттыру курсы барысында мұғалімдер оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін дамыту үшін сыни ойлау технологиясының рөлін, оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін, лексикалық тақырып контексіндегі күрделі грамматика мен синтаксисті меңгеру, т.б. орыс тілі мен әдебиеті сабақтарын оқытудың заманауи тәсілдерін қарастырды.

Курсқа қатысушылар тарапынан сұранысқа ие болған тақырыптар:

- орыс тілі мен әдебиетін оқытудағы мәтіндік оқуға бағытталған тәсілдің коммуникативті-белсенділік тәсілмен байланысы;

- мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда STEM-білімінің (Science Technology Engineering Math – Сайнс Технолоджи Инжиниринг Мас) рөлі.

-  көркем шығарманы әдеби-лингвистикалық талдауға үйрету.

Курстың аяқталу кезеңінде барлық тыңдаушы жоба және өзіндік жұмыстарын жасап, күтілген нәтижелердің жоғары деңгейде орындалғаны жайлы айтты.

Онлайн режимге қарамастан мұғалімдер сабақ барысында сұрақ қойып, пікірлері мен идеяларын ұсынып отырды. Тренер Ұлбала Хамитқызы тыңдаушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, дәріс барысында әдістемелік үлгілер ұсынып отырды. Сонымен қатар, мұғалімдер кәсіби құзырлылық сапасын дамытуға қажетті көптеген сабақ жоспарларымен, саралау тапсырмаларымен, сауалнама, тест, тренинг, т.б. электрондық ресурстармен қамтамасыз етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ