БУКТРЕЙЛЕР БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Оқуды ілгерілетудің заманауи цифрлық ресурстары» ІІ республикалық онлайн буктрейлер байқауын ұйымдастырды.

Байқау мақсаты – мектеп мұғалімдерінің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқу мен оқытуды насихаттау үшін заманауи ақпараттық-медиа құралдарды пайдаланудағы озық тәжірибелерімен танысу және тарату. Білім алушылардың көркем және танымдық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында цифрлық ресурстарды құру үшін педагогтердің ақпараттық-медиа құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.

Буктрейлер-кітап немесе шығарма желісіндегі 2-4 минуттық қысқа бейнежазба арқылы визуалдық құралдардың көмегімен шығармашылық, ғылыми-танымал, деректі шығармаларға назар аудару және оларды оқуға оқушыларды қызықтыру, ынталандыру. Буктрейлерде шығарма идеялары туралы қатысушы өзіндік көзқарасын шығарма мазмұнынан алшақтамай көрсетуі қажет. Негізгі жанрлары: мультфильм, бейнефильм, музыкалық клип, жарнамалық ролик.

Республикалық байқауға қатысқан облыс ұстаздары жоғары көрсеткіштерімен танылды. Ұсынылған буктрейлер М.Әуезовтің «Абай жолы» романы, Абайдың қарасөздері мен поэмалары бойынша қазақ, ағылшын тілдерінде, М.А.Шолоховтың «Судьба человека», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» шығармалары бойынша әзірленді. Бейнебаян дайындауда пән мұғалімдері мен оқушылардың біріккен шығармашылық ізденістері нәтижелігін танытты. Оқушылар аталған шығармаларды қызыға оқып, бейнебаянға түсірілетін үзінділерге ұсыныстарын бере алды. Облыс мұғалімдерінің мерейін үстем еткен әріптестерімізге шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін, – деген игі тілегімізді білдіре келе, республикалық байқау жеңімпаздарының тізімін ұсынамыз.

 

«ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ТУРАЛЫ ШЫҒАРМАЛАР»

 

І орын – Әбдікәрім Мақпал Нұрланқызы – Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

 

І орын – Жарасова Шамшырак Зинадиновна – Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

 

ІІ орын – Жалғасбаева Айнұр – Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

 

ІІІ орын – Құрман Ақсұлу Дастанқызы – Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №276 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

 

 

 

 

 

«АБАЙ ӘЛЕМІ»

 

І орын – Әбдіраш Анэль Ибрагимқызы – Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №276 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

 

І орын – Мырзағұлова Гауһар Абылқызы – Қызылорда қаласындағы №3 IT мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

 

І орын – Сағымбаева Әлия Жолдыбайқызы – Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

 

ІІ орын – Сматуллаева Эльмира Айтжанқызы – Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, мектеп директоры;

 

ІІ орын – Мусаева Майра Мараловна – Қызылорда қаласындағы №3 IT мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Балкембай Сағынтай – Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №165 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ