ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБА ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сай «Тренер сағаты» жобасы өткізілуде.

2020 жылдың 19 маусымы күні жоба аясында инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, тренер, п.ғ.м. Р.Ө.Мәрсәлінің ұйымдастыруымен «Оқушылардың жоба жұмысын орындау дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне арналған онлайн вебинар өткізілді.

Вебинардың мақсаты – мұғалімдерді тарих сабақтарында жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдерімен таныстыру, оқушылардың жоба жұмысын орындау дағдыларын қалыптастыру әдістемесін ұсыну, жоба тапсырмаларын дайындау дағдыларын дамыту стратегияларын қарастыру.

Вебинар барысында қатысушыларға жоба әдісінің ақпараттық мағынасы, шығу тарихы сияқты теориялық ақпараттар, жоба әдісін жоспарлауда «Дүние жүзі тарихы» пәнінен нақты тақырып бойынша әдіс-тәсілдер, жоба әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы тұжырымдар ұсынылды.

Қатысушылар вебинар соңында өзекті тақырыпта өткізілген шарадан тағылымы мол танымдық ақпараттар мен тәжірибеде қолдану бағытында әдістемелік қолдау алғандықтары жайлы жазбаша пікірлерін білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ