ТРЕНЕР САҒАТЫ: ТАРИХИ КОНЦЕПТІЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДА ТАРИХИ САНА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сай «Тренер сағаты» жобасы жалғасуда.

17 маусым күні жоба аясында инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, тренер Қ.Есекееваның ұйымдастыруымен «Тарихи концептілер арқылы оқушыларда тарихи сана қалыптастыру» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өткізілді. Вебинарға Қызылорда, Талдықорған облыстарынан 70-ке жуық тыңдаушылар қатысты.

Вебинардың мақсаты – тарих пәні мұғалімдеріне курстан кейінгі қолдау жасау, әдістемелік көмек беру.

Вебинар барысында тыңдаушыларға оқушыларда тарихи сана қалыптастыру үшін тарихи ойлау дағдыларын дамытудың, тарих пәнін оқытуда осы мақсатты 6 концепті (өзгеріс пен сабақтастық, себеп пен салдар, дәлел, ұқсастық пен айырмашылық, маңыздылық, интерпретация) негізінде жүзеге асырудың тиімді жолдары ұсынылды.

Қатысушылар вебинар соңында өзекті тақырыпта өткізілген шарадан тағылымы мол танымдық ақпараттар мен тәжірибеде қолдану бағытында әдістемелік қолдау алғандықтары жайлы жазбаша пікірлерін білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30          

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ