АЛМАС ҚЫЛЫШТАЙ ЖАРҚЫРАП ӨТКЕН АЛАШ ӨРЕНІ!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жедел жоспарына сәйкес «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың 100 жылдығына орай «Алмас қылыштай жарқырап өткен Алаш өрені!» атты оқушылардың республикалық тарихи ізденіс, ғылыми жобалардың сырттай байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Байқауға жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 130-ға жуық оқушылары мен мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен топ кураторларының жұмыстары келіп түсті.

Байқау шартына сай:

- 1-4 сынып оқушылары «Менің даңқты бабам»; «Ер есімі – ел есінде» тақырыптары бойынша эссе, электронды буклет, таныстырылым, мәнерлеп оқу, өлкетанушылық ізденісі бойынша ғылыми жоба;

- негізгі мектеп бойынша (5-9 сыныптар), жоғары сынып (10-11 сыныптар), қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары «Алмас қылыштай жарқырап өткен Алаш өрені!», «Өңірдің тарихи тұлғалары: жастық жалыны жалындаған»; «Туған өлке тарихының тірі куәгерлері: Жас келсе – іске»; «Жомарт жүрек: жаныңда жүр жақсы адам» тақырыптары бойынша эссе, электронды буклет, таныстырылым, «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада» – жас ақындар мүшәйрасы, «Алмас қылыштай жарқырап өткен Алаш өрені!» ғылыми жоба және «Суреттер әлемі» тақырыбындағы жұмыстар келіп түсті.

Байқау аясында пән мұғалімдерінің тарихи тұлғалардың отандық тарихқа қосқан үлесін бағалау мақсатындағы қысқа мерзімді жоспарлары мен сынып жетекшілерінің сыныптан тыс шараларының топтамасы жинақталды.

Байқауға келіп түскен материалдар Сараптау алқасымен ZOOM платформасында қашықтықтан жағдайында сараланып, жеңімпаздар анықталды. Қатысушыларға бірыңғай үлгідегі сертификаттар тапсырылды.

Байқау жеңімпаздарының материалдары 2020 жылдың 14 желтоқсанында институттың «Өрлеу Қызылорда» фейсбук, инстаграм парақшаларына ілінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ