ӘЛЕМДІК БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНЕ КІРІГУ: ҰСТАНЫМДАР, ТЕОРИЯСЫ, ТӘЖІРИБЕ

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жедел жоспарына сәйкес «Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу: ұстанымдар, теориясы, тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн режимінде ұйымдастырылып, өткізілді. ZOOM платформасында өткен басқосу ұлттық білім беру жүйелерінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу жағдайында білім беру саясатын және жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған диалог алаңын құру мақсатында жүзеге асырылды.

Конференция жұмысына отандық, ресейлік, қырғыз және өзбек ғалымдары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, жоғарғы оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру, жалпы орта және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері, барлығы 220 адам қатысты.

Конференцияға жаңа халықаралық білімдік ортаны ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың тиімді формалары арқылы қалыптастыру; кіріктірілген білім – педагогикалық шеберліктің жаңа форматы: әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және педагогикалық үдерісті басқару; инклюзивті білім беру жағдайында халықаралық бағдарламалар мен оқу ресурстарын бейімдеу және түрлендіру тәжірибесі; аумақтық білім беру жүйелерін реформалау жағдайында дарынды балаларға арналған жеке білімдік траекторияларын жобалау; педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі кіріктірілген білім беру тәжірибесі бағыттары бойынша 250-дің үстіне материалдар келіп түсті.

Конференцияның пленарлық оқылымында 12 баяндама сараланып, тыңдалды. Сөйлеушілер ұлттық білім беру жүйелерінің әлемдік кеңістікке кірігуі, пандемия жағдайында қашықтан оқыту, болашақ мамандарды даярлау, мектепішілік басқару, оқыту мен оқудағы соны технологиялар, инклюзивті білім және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы түйіткілді мәселелерді қозғады. ZOOM платформасында өткен онлайн-конференцияның пленарлық тыңдалымына 100-дің үстінде қатысушылар тікелей қатысып, конференция көтерген проблемалар бойынша сындарлы сұхбатқа белсенді қатысты.

Конференция жұмысының қорытындысымен материалдары электронды жинаққа енгізіліп, қатысушыларға бірыңғай үлгідегі сертификаттар берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ