ҚЫЗЫЛОРДАДА ТАҒЫ БІР МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
- Толығырақ
- Қаралғаны: 66 рет
Тәуелсіздігімізді алған уақыттан бері Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың қамқорлығымен білім саласына, жас ұрпаққа сапалы білім беруге ұдайы көңіл бөлініп, олардың заманауи технологиямен жабдықталған жаңа ғимаратта білім алуына барлық жағдай жасалуда.
Еліміздегі демографиялық қарқын мектеп салу мәселесінен-ақ айқын көрінеді. Жылына Сыр өңірінде 10 мыңнан аса бала 1 сыныпқа келеді. Демек, өсу қарқыны айтарлықтай бар. Сол үшін де мектеп сұранысын қуып жету үшін әлде де жаңа мектептерді көбейту қажет.
Бір анығы, Тәуелсіздік алған жылдан бастап осы кезеңге дейін біздің облыста 164 мектеп ғимараты пайдалануға беріліпті. Оның ішінде 24 жаңа мектеп желісі ашылған. Бұл арқылы осы кезге дейінгі 36 апатты және 7 үш ауысымда оқитын мектептердің мәселесі шешілді. Мемлекеттен бөлек, білімге жаны ашитын азаматтар өз қаражаттарына жеке мектеп салу ісінен аянып қалған емес.
Бүгін тағы бір мектеп елдің игілігіне берілді. Интеллектуалды «Зерде» жеке мектебі 500 баланы қабылдай алады. Интеллектуалды мектеп 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта оқушылар үшін спортзал, би залы, асхана мен оқу кабинеттері орналасса, екінші қабатта балалар демалыс алаңы және теннис залы салынған. Ал, үшінші қабат заманауи үлгідегі акт зал, компьютер сыныпқа арналған. Осымен біздің өлкеде жеке мектептер қатары көбейіп, саны 8-ге жетті.