КСРО БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ С.НҰРТАЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

2021 жылғы 19 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ұлағатты ұстаз, КСРО білім беру ісінің үздігі Сәден Нұртаев атындағы 9-10 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы бойынша ZOOM платформасында онлайн режимде Республикалық Олимпиада болып өтті.

Республикалық Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне деген интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту, дарынды оқушыларды қолдау, олардың ғылыммен айналысуға деген ынтасын арттыру.

Республикалық Олимпиадаға Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы, Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Елеусінов Бауыржан Тәжімағанбетұлы, ұлағатты ұстаз Сәден Нұртаевтың ағайын-туыстары, институт қызметкерлері және орта білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты.

Республикалық Олимпиадаға бағын сынау үшін Қызылорда облысы оқушыларымен қатар еліміздің басқа да өңірлерінен, атап айтқанда, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Шымкент қаласынан үздік оқушылар қатысып, өз білімдерін ортаға салды.

Олимпиаданың республикалық кезеңі 2 тур бойынша өткізілді:

1-ші турда қатысушылар ZOOM платформасына қосылып, Google форма арқылы жасалған тестке онлайн жауап берді. Тестке сілтеме платформа чаты арқылы жіберілді. Турдың қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 9-сыныптан 8 (сегіз) және 10-сыныптан 8 (сегіз) қатысушы ақтық турға жолдама алды.

2-ші турда ақтық турға жолдама алған қатысушылар ZOOM платформасына қосылып, Power Point бағдарламасында жасалған деңгейлік тапсырмаларға онлайн жауап беру арқылы ұпайлар жинап, ұпай қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған қатысушылар жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Олимпиада қорытындысы бойынша ақтық турға жолдама алған номинация иегерлеріне Диплом мен 10 000 теңгеден қаржылай сыйақылар табысталды.

І, ІІ және ІІІ жүлделі орын алған жеңімпаздарды ұйымдастыру комитеті дипломдармен және қаржылай сыйақылармен (100 мың, 70 мың және 50 мың теңге) марапаттады.

9 сынып оқушылары арасында:

І жүлделі орын иегері – Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің оқушысы Еспанов Азамат Каналбекұлына 100 000 теңге қаржылай сыйақы;

ІІ жүлделі орын иегері – Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Мурзағали Аружан Райзоллақызына 70 000 теңге қаржылай сыйақы;

ІІІ жүлделі орын иегері – Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы №130 жалпы орта мектебінің оқушысы Ырзалық Інжу Абдулсерікқызына 50 000 теңге қаржылай сыйақы табысталды.

10 сынып оқушылары арасында:

І жүлделі орын иегері – Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Суйеныш Назерке Ерболатқызына 100 000 теңге қаржылай сыйақы;

ІІ жүлделі орын иегері – Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы №3 мектеп-интернатының оқушысы Сеилхан Қарагөз Темірханқызына 70 000 теңге қаржылай сыйақы;

ІІІ жүлделі орын иегері – Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің оқушысы Нұрғазы Олжас Ғабитұлына 50 000 теңге қаржылай сыйақы табысталды.

Сондай-ақ, Олимпиада жұмыстарын өз дәрежесінде өтуіне атсалысқан Қармақшы ауданы, Ақжар ауылындағы №28 орта мектебінің директорына, институттың екі қызметкеріне демеушілердің атынан Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы «Ақ-Жайық» шипажайына жолдамалар берілді.

Іс-шара соңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Бауыржан Тәжімағанбетұлы Елеусінов І, ІІ және ІІІ жүлделі орын алған жеңімпаздарды құттықтап, Республикалық қатысушылардың жетекшілеріне Алғыс хаттар табыстады. С.Нұртаевтың бел баласы қоғам қайраткері, белгілі меценат Рзақұл Сәденұлы Нұртаев Олимпиадаға қатысушыларды терең білім алып, Отанымызға адал қызмет етуге шақырды.

 

 

 

      

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 29 30
31            

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ