АРАЛАС ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (BLENDED LEARNING)

 

2021 жылдың 23 сәуірі мен 23 мамыры аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушылары А.С.Басанова, М.Есенбекқызы, Ж.Ж.Жалмағанбетова, Ж.Р.Жұбауова, Р.Ө.Мәрсәлі Беларусь Республикасының жоғары мектеп республикалық институты мен SKLAD білім беру онлайн-платформасы бірлесе ұйымдастырған «Аралас оқыту технологиясы (Blended learning)» тақырыбындағы 84 сағаттық онлайн біліктілік арттыру курсынан өтті.

Әріптестеріміз «Аралас оқыту тұжырымдамасы», «Аралас оқытудағы мақсаттар мен нәтижелер», «Кері байланыс және бағалау», «Аралас оқытуды ұйымдастырудағы онлайн-құралдар», «Аралас оқыту технологиясын жүзеге асыру аясындағы оқыту әдістері» атты 5 модульден тұратын оқу бағдарламасын меңгерумен қатар, аралас оқыту технологиясы бойынша АҚШ тәжірибесінен 4 вебинар жұмысына белсене қатысты.

Курсты оқып-үйренудің маңызды жетістіктерінің бірі аралас оқыту технологиясының модельдерінің бірінде жоспарланған сабақ әзірлемесі болды. Мини платформаны құру үшін курс тыңдаушылары «Padlet интерактивті тақтасы» онлайн-ресурсымен жұмыс жасап үйренді. Курс тыңдаушыларына Flora LMS білім беру сервисі арқылы жұмыс жасауға рұқсат беріліп, әркім өзіне ыңғайлы уақытта курс материалдарын зерделеп, әр модульге белгіленген өзіндік жұмыстарын жасап, жолдауға мүмкіндік алды. Курс қорытындысымен тыңдаушылардың барлық оқу материалдары «сабақтың әдістемелік портфолиосына» жинақталды.

 

 

 

 

 

      

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
           

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ