ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

2013 жылдан бастап «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен жарық көре бастаған ұлттық рухани құндылықтарымыз бен салт-санамыз, әдет-ғұрпымыз бен таным-тағылымымызға қатысты кітаптармен жалпы әлеумет таныс. Бүгінгі күні үлкен сұранысқа ие болып отырған кітаптар қатары төмендегідей басылымдармен толықты.

Жалпы кітапсүйер қауымға, соның ішінде әлемдік әдебиеттің жауһарларын қазақша сөйлеткен жаңа буын кітаптарының берері мол.

Баланы терең ой мен саналы білімге жеткізетін, кітап оқуға қызығушылығын арттыратын «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры ұсынған балаларға арналған қызықты кітаптарды назарларыңызға ұсынамыз!

1. «Ағайынды Гриммдер» – бұл кітапта «Ағайынды Гриммдер» деген атпен таныс неміс халқының бірқатар ертегілері топтасқан. Ертегілерді XVIII ғасырда Уильгельм, Жакоб есімді екі неміс ағартушысы құрастырған. Бұл ертектер сол заманнан бері жалғасып классикалық дүниеге айналды. «Қызыл телпек», «Бремен музыканттары» сияқты ертегілер әлем балаларының сүйікті образдарына айналып үлгерді.

2. «Гулливер лилипуттар елінде» – кітапта ағылшын жазушысы Ж.Свифттің «Гулливер лилипуттар елінде» атты еңбегі балалардың тіліне ыңғайлап, ықшамдап берілген. Мұнда Гулливердің басынан кешкен қызықты оқиғасы бейнеленеді.

3. «Доктор Айболит» – кітапта орыс жазушы Корней Чуковскийдің «Доктор Айболит: Гю Лофтингінің шығармасы бойынша» еңбегі балалардың тіліне ыңғайланып, ықшамдалып берілген. Мұнда Доктор Айболиттің басынан кешкен қызықты оқиғалары бейнеленеді.

4. «Мүнхаузеннің хикаясы» – ХVIII ғасырда неміс жерінде барон Мүнхаузен деген әпенді өмір сүреді. Соның басынан кешкен күлдіргі әңгімелерін неміс жазушысы Эрих Распе жинақтап, кітап етіп жазған. Кейін бұл Еуропадағы өте атақты кітапқа айналған. 1935 жылы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған.

5. «Асыранды аққу» – әйгілі орыс жазушысы Дмитрий Мамин-Сибиряктың әңгімелерін 1927 жылы Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан аударып, «Қыр баласы» деген лақап атпен басады. 1932 жылы «Асыранды құс» әңгімесін Әлкей Марғұлан аударады. Онан соң 1936 жылы С.Жүнербайұлы «Емеля аңшы» атты әңгімесін аударған екен. Жазушының шығармалары сол замандағы төте, латын хәріптерінде жарық көрген.

 

 

 

 

      

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қазан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ