ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Ұлттық рухани құндылықтарымыз бен салт-санамыз, әдет-ғұрпымыз бен таным-тағылымымызға қатысты кітаптарды @otbasyhrestomatiasy-нан таба аласыздар!

Бүгінгі күні үлкен сұранысқа ие болып отырған кітаптар қатары «Робинзон Крузо»мен толықты.

Баланы терең ой мен саналы білімге жеткізетін, кітап оқуға қызығушылығын арттыратын аударманы қайта теріп, өңдеп, оқырмандар назарына ұсынып отыр.

РОБИНЗОН КРУЗО

Даниел Дефо – ағылшынның көрнекті жазушысы. XVIII ғасырда «Робинзон Крузо» деген атпен кітап жазып, Еуропада жаңа бір әдеби бағыттың негізін қалаған. Яғни, шытырман саяхатқа толы оқиғалардың көптеп шығуына «Робинзон Крузо» ықпал еткен. Бұл романның сюжеті өмірде болған оқиғадан алынған. 1704 жылы шотландтық Александр Селькирк есімді теңізші кеме капитанымен ерегесіп қалады. Капитан ашуланып, оны Чилидің жанындағы елеусіз бір аралға тастап кетеді. Александр сол аралда 4 жыл өмір сүреді. Бірде оны бір кеме көріп, құтқарып алады. Еліне келген соң Александр бастан кешкен оқиғаларын қызықты етіп айта бастайды. Мұның әңгімесін Даниел Дефо естиді. Дефоның енді ғана жазушы ретінде танылып келе жатқан кезі еді. Ол романды «Робинзон Крузо» деп атайды. Шығарманы қызықты ету үшін XII ғасырда өмір сүрген мавритан философы ибн Туфайлдың «Хай туралы әңгімесін» пайдаланады. Бұл роман расымен де, Еуропада дүмпу туғызады. Теңізші болып, саяхаттау бүлдіршіндердің арман-мақсатына айналады. 1937 жылы «Робинзон Крузоны» А.Құлбек есімді Алаш зиялысы аударған екен.

 

 

 

      

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қазан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ