• «Инновациялық білім беру технологияларының педагогтің кәсіби өсуіндегі рөлі» атты облыстық семинар

  • республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ

  • Қазақстан ұлы дала елі

  • Бүкіл бастауыш мектеп бағдарламасы бір веб-сайтта. Көр! Ойна! Үйрен!

  • Әлемдегі ең үздік видеосабақтарды көр

  • Облыстық мектеп директорларының семинары

  • Халықаралық семинар

Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты тарихы

Сыр өңірінде ұстаздардың білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыратын және өзара тәжірибе алмасып, кәсіби шеберлігін шыңдау бағытында 1938-1939 оқу жылында облыстық оқу бөлімінің жанынан әдістемелік кабинет ұйымдастырылып, оның алғашқы жұмыс жоспарын 1939 жылдың 2 ақпанында Облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі А.Абдуллаев бекітті.

Әдістемелік кабинеттің меңгерушілік қызметіне Ә.Ыбыраев, әдістемелік секцияның төрайымына Д.Теплова тағайындалған.

Әдістемелік кабинет өзінің жұмысын 1939 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоспарлы түрде жүргізген. Атап айтқанда:

-      озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін жинақтау және насихаттау;

-      ақыл-кеңестер беру;

-      баяндамалар дайындау;

-      семинарлар ұйымдастыру;

-      аудан, қала мектептерімен байланыс жасау;

-      оқу-тәжірибелік іс-шараларға қатысу;

-  мектептерге жазбаша әдістемелік нұсқаулар мен көмекші дидактикалық материалдар,көмекші құралдар жіберу,байланыс жолдарын орнату.

Әдістемелік кабинет алғашқы бір жылда қалалық 750, аудандық 26 және темір жол мектептерінен 45- барлығы 821 мұғалімге әдістемелік көмек көрсетті.

1940-1941 жылдары Д.Теплова, 1941-1942 жылдары Ә.Айзонов әдістемелік кабинеттің меңгерушілік қызметін атқарған.

Әдістемелік кабинет мектеп басшыларымен мектепішілік пән бірлестіктерінің жұмыстарының жоспарлануын үнемі назарда ұстаумен қатар, жүйелі жасалынуына баса мән берген. Сонымен қатар Мәскеу қалалық әдістемелік кабинетімен, Қазақстан Халық ағарту комиссариатымен байланыстар жасауды жолға қояды.

Қазақстан Советтік Социалистік Республикасы Халық Комиссарлар Советінің 1944 жылғы 15 ақпандағы №200 қарары мен Қазақстан халық ағарту комиссариатының 1944 жылғы 27 қазандағы бұйрығына сәйкес Қызылорда облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңес атқару комитетінің 1944 жылғы 22 қарашадағы №540 шешімімен «Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты» болып құрылады. Институт 1938-1939 оқу жылында облыстық халық ағарту бөлімінің жанындағы әдістемелік кабинеттің негізінде ашылды. Институтқа 1928 жылы салынған Қазақ көшесі, 3-ші үйден (қазіргі М.Әуезов көшесі) үш бөлме беріледі.

1944-1946 жылдары институт директоры болып Д.Т.Тұрсынов, ал орынбасарлығына А.В.Огай тағайындалды.

1945-1946 оқу жылында институт қызметкерлері 12 адамнан тұрған.

1945-1946 оқу жылында орта мектеп кабинеті ашылып, оның меңгерушілігіне А.М.Бойкова тағайындалады. Әдістемелік кабинет негізінен әдістемелік жұмыстарға, метептермен байланыс, озат мұғалімдермен жұмыс, әдіскер-ғылыми қызметкерлердің жұмыстарына басшылық жасады. Осы жылдары ұстаздардың І облыстық ғылыми-педагогикалық конференциясы жүзден аса делегаттардың қатысуымен өткізіледі.

1947-1948 жылдары институтты Б.Сейітмұратов басқарды. 1946-1947 оқу жылында институттың негізгі жұмысы курс пен семинар өткізу, мектептегі педагогикалық процесс пен әдістемелік жұмыстарға және жас мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, ақыл-кеңестер беру,мектептердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу, баспасөз және радиодан педагогикалық тақырыптарда хабарлар ұйымдастыру жұмыс өзегіне айналды. Бұл жылдары институт өмірінде елеулі өзгерістер орын алды және екінші облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, онда «Оқу-көрнекі құралдарын және мектептегі әдістемелік жұмыстары», «Методикалық мүйіс» тақырыбында педагогикалық көрме ұйымдастырылды.

1949-1950.jpg - 2.69 KB

1949-1950 жылдары мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының директоры  Дарья Михайловна Теплова басқарды. Бұл жылы институт құрылымына алғаш рет шет тілі (ағылшын) кабинеті мен әскери ісі және дене тәрбиесінің әдіскерлігі енеді. Дарья Михайловна Теплова мұғалімдердің білімін жетілдірудің сапасын арттырумен қатар, жүйелілікке ден қойып, кейбір пәндерден мұғалімдерді қайта даярлауды басты бағыт етіп алды.

«Мектеп мұғалімдері оқу пәндерінің бағдарламаларын өз беттерінше оқып, түсінуі керек»,- деген талап қою арқылы 1949 жылдыңі 11 қарашасынан 1950 жылдың 7 ақпаны аралығына дейін жеке жоспар бойынша жұмыс жүргізіп, ақпан айының аяғында «Сынақ тапсыру» туралы тапсырма береді.

Сол сияқты мұғалімдердің 800 оқу-сағаттық тікелей-сырттай оқу курсы ұйымдастырылады. Оның 600 сағаты курсқа дейін өз бетінше оқып, жұмыс істеулеріне , ал 200 сағаты курстық оқу-сабағын өткізуге белгіленген. Мәселен, 1950 жылы 10 маусымда физика мен математикадан мұғалімдер дайындайтын 300 сағаттық екі айлық курс осының айғағы.

Осы кезеңде бастауыш сынып мұғалімдерінен -131, 5-10 сыныптардың қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәнінен – 80, барлығы - 241 мұғалім біліктілікті көтеру курсынан өткізіліп, мұғалімдердің айлық курстары 150 сағаттық бағдарламамен жұмыс істеген.

1950 жылдан 1958 жылға дейінгі аралықта институтты  Әнуар Ибраев басқарды.

1950-1951 оқу жылында бастауыш сынып және 5-10 сыныптардағы математика, физика пәндерінің мұғалімдерін тікелей-сырттай оқытатын курстар ұйымдастырылды.

Бұл жылдары мектепте өтілетін сабақтың тиімділігін арттыру тәсілдеріне зор көңіл бөлініп, институтта жыл сайын 7, 12 кейде 14 пән бойынша курстар өткізіліп, мамандар білімін жетілдіріп отырған.

1952 жылдан бастап педагогикалық оқуларды өткізу қолға алына бастайды, 1954 жылы облыс мектептеріндегі бір топ озат мұғалімдер Республикалық педагогикалық оқуға қатысты. 1956-57 жылдары институтта бастауыш сынып, педагогика, орта мектеп кабинеттері ашылып, оған 6 әдіскер қабылданады. Институт қызметкерлері 1954-1956 оқу жылдарында облыстағы озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеп, таратуға баса назар аударған.

1958-1966.jpg - 3.47 KB

1958-1966 жылдары институт директорлығына Жылқайдар Базылбекұлы Қоянбаев бекітілді. Ж.Б.Қоянбаев басқарған жылдар мектеп өміріне елеулі өзгерістердің енгізіліп, жаңа кезеңнің яғни, жалпы білім беру саласында реформаның жүргізілуімен тұспа-тұс келді. Бұған дейінгі 7 жылдық орталау мектептер 8 жылдыққа, 10 жылдық орта мектептер 11 жылдық өндірістік оқу мектептеріне көшірілгені, осыған орай оқытудың жаңа бағдарламасы жасалынып, жаңа оқулықтар енгізілгені белгілі.

Сол уақыттарда институттың жұмысы екі бағытта жүргізілді. Біріншісі – оқытудың жаңа білім мазмұны, жаңа оқу бағдарламамен жаңа оқулықтарға көшуге байланысты педагог кадрлардың білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыратын қайта даярлау курстарын өткізу болса, екінші бағыты – оқуды өнімді еңбекпен ұштастырып, өмірмен байланыстыру, шәкірттерді еңбекке баулып, оларға кәсіптік бағыт-бағдар беру және қарапайым мамандықты меңгертудің әдіс-тәсілдерін ұсыну болды.

1960-1961 оқу жылында (ІХ.1960 ж 07.19) 14 профильден 607 пән мұғалімдері білім жетілдіру курстарынан өткізілсе, институт қызметкерлерінің алдында «Ауылшаруашылығы өндірісі негізінде ауыл мектептеріндегі оқушылардың білім сапасын жақсарту» міндеті тұрды. Аталған бағытта облыстағы он бір жылдық мектептерден 16 мектеп өнеркәсіп орындарында, 26 мектеп ауылшаруашылық (колхоз, совхоз) өндіріс орындарының базасында жұмыс істесе, оқушылардың өндірістік бригадасының саны 103-ке жетті.

1963-1964 оқу жылында институт негізінен педагогикалық озат тәжірибені мектеп практикасына енгізуден, оқу-тәрбие жұмыстарына оқытудың жаңа формалары мен тиімді әдістерін қолданудан Ресей, Украина, Ростов, Воронеж, Липецк мұғалімдерінің іс-тәжірибелері облыс мектептеріне таратылып, мұғалімдердің кәсіби шеберліктері артты.

Педагогикалық озат тәжірибені насихаттау, тарату және мұғалімдер игілігіне ұсыну 1965-1966 оқу жылында өткізілген ХІV облыстық педагогикалық оқуда көрініс тапты. Онда 70 баяндама тыңдалып, талқыланып, оның 23-і республикалық «Педагогикалық оқуға» ұсынылды.

1965-1982.jpg - 3.09 KB

1965-1982 жылдары  мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының директоры болып Рахат Жәненов тағайындалды. Бұл жылдары институттың алдында халық ағарту саласының барлық бағытындағы педагог кадрларын даярлау және қайта даярлау міндеті тұрды. Мұндай күрделі де жауапты міндеттерді институт директоры Рахат Жәненовтың басшылығымен әрбір салаға бекітілген әдіскерлер абыроймен орындап шықты.

1968-1969 оқу жылында білім жетілдіру курстарынан 1010 мұғалім өткізілсе, 10 күндік семинардан 850 мұғалім біліктілігін арттырды.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқытудың жаңа мазмұны мен жаңа оқу бағдарламасына көшу 1976-1977 оқу жылында аяқталды.

Р.Жәненов институт жұмысын басқарған кезде екі күрделі реформаның талаптарын өз дәрежесінде орындап шықты. Ол талаптың негізгісі - бастауыш мектептің төрт жылдықтан үш жылдыққа көшуіне байланысты Оқу Министрлігінің тапсырмасымен үш жылдық бастауыш мектептің бағдарламасы мен жаңа оқулығын Шиелі ауданындағы №50 Абай атындағы (директоры А.Бәкіров) орта мектепте тәжірибе сынақтан өткізуі.

Екінші өзекті мәселе 1969-1970 оқу жылында үш жылдық бастауыш мектептің бірінші сыныбы жаңа оқу бағдарламасымен жаңа оқулыққа көшуіне байланысты облыстағы бірінші сыныпқа дәріс беретін барлық мұғалімдер қайта даярлықтан өткізілді.

1982.jpg - 3.58 KB

1982 жылы институтқа бұған дейін партия қызметінде, халық ағарту салаларында басшылық қызметтерде болған Кенжалы Тайманұлы Атабаев басшылық жасады. Институт директорының басшылығымен 1982-1984 жылдары оқытудың жаңа мазмұны мен бағдарламасындағы кейбір күрделі мәселелерге байланысты жетілдірілген пәндік бағдарламаларды зерттеу және пайдалану жөнінде оқулар мен семинар-практикумдар өткізу бағытындағы іс-шаралар жүзеге асырылып, академик Ю.К.Бабанскийдің оқу –тәрбие процесін оңтайландыру идеясын оқып үйрену, оны облыс мектептерінің жұмыс практикасына ендіру мәселесі қойылды.

1984 жылы «Жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік білім беретін мектептердің білім мазмұнын жетілдіру» туралы мектеп реформасы қолға алынғаны баршаға мәлім. Аталмыш реформада бастауыш мектеп қайтадан үш жылдық, сегіз жылдық мектеп орталау, тоғыз жылдық, он жылдық қайтадан орта білім беретін он бір жылдық болып өзгертілді.

1985 жылы 25 қаңтардағы СССР Оқу Министрлігінің №13бұйрығымен бірінші сыныпқа шәкірттерді 6 жастан бастап қабылдау жүзеге асырылды. Сөйтіп, 1986-1987 оқу жылынан бастап мектеп тарихында қайта құрылған төрт жылдық бастауыш мектепте бала 6 жастан оқып, он бір жылдық жүйе мектеп өміріне енді.

1988 жылы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің облыстық бірінші слеті, 1994 жылы мамыр айында екінші слеті өткізілді. Осы кезеңдерде 1987-1994 жылдар аралығында облыс мектептерінде 6 атаулы мектеп, 50-ден астам озат тәжірибе мектебі шығармашылық бағытта жұмыс атқарып келді.

1991-1992 оқу жылынан бастап институт ұжымы «Халықтық педагогиканың негізгі принциптерін» оқу-тәрбие жұмысына кеңінен енгізу жолдарын зерттеді.

Егемендік алып, тәуелсіз ел болуымызға байланысты 1994 – 1995 оқу жылыныан бастап білім мазмұнында жаңару процесі жүрді. Базистік оқу жоспары вариативті болып бағдарлы, жаңа типтегі мектептер, лицей, гимназия, дарынды балалар және ақылы мектептер өмірге келді.

Бұл кезеңде институттың құрылымында 21 кабинет меңгерушілері, 5 әдіскер -барлығы 31 қызметкер жұмыс істеді.

1995-1997.jpg - 3.10 KB

 


1995-1997 жылдары педагогика ғылымының кандидаты Қоңыратбаева Тана Әуелбекқызы институт директорлығына тағайындалды.

 

Т. Әуелбекқызы институттың жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі жұмыстары мен ішкі құрылымына өзгерістер енгізуге біршама талаптанды. Алты кабинетті топтастырып, ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында зертхана ұйымдастырды.




1997-1999 жылдары Гүлзия Жұмағалиқызы Оспанова институт директоры қызметін атқарды.

Бұл кезеңде мектепке оқу-тәрбие процесінің ұлттық мазмұнда берілуі жайында талаптар қойылып, тәрбиелік іс-шаралар халықтық педагогика негізінде жүргізіле бастады.

Елбасының 1998 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы сегіз тапсырмасының бірі – «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағытында білім жетілдіру институты Сорос-Қазақстан қорының оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды салауатты өмір салтына баулу бағдарламасы аясында халқымыздың ұлттық салты мен дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен өнерін танып білуге «Оқушыларды әдемілік пен әсемдікке баулу» бағдарламасы жасалып, қала, аудан мектептері сол бағдарламаны іске асыруда жұмыстар жүргізді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26 шілде 1996 жылғы №1179 «Жалпы білім беретін мектептерде жаңа буын оқулықтарымен оқу әдістемелік кешенді дайындау» мақсатты бағдарламасымен жүйелі жұмыстар жүргізіліп отырды.

 

1999 жылдың тамыз айынан 2000 жылдың сәуір айы аралығында институтқа саясаттану ғылымының кандидаты Мұсахан Айтбайұлы Басшыбаев басшылық жасады.

Институттың жаңа басшысы бұрынғы құрылымды өзгертіп, кафедралық жүйеге көшіру жөнінде шешім қабылдады. Институттың кабинет меңгерушілері мен әдіскерлері екі кафедраға, физика – математика, жаратылыстану және гуманитарлық пәндері кафедрасы мен ақпараттарды өңдеу және тарату орталығына топтастырылды.

 2000 жылы ақпан айының 21 күні институт базасында Сорос-Қазақстан қоры бағдарламасы бойынша демократиялық білім беру орталығы ашылып, ұстаздар өркениетті елдердің тәжірибесі негізінде ізденіске ұмтыла бастады.


 

2000 жылы – институттың қызмет ауқымының кеңеюіне байланысты техника ғылымының докторы, профессор Қажымұқан Тоқтиярұлы Арынов басшылыққа келді.

Бұған дейін облыстық білім басқармасының қарамағында болып келген облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты облыс әкімінің құзырына өтіп, «Облыс әкімінің кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» болып қайта құрылды. Педагог қауымның ған білімін жетілдіріп келген институт көпсалалы білім жетілдіру орнына айналды.

Білім беру саласындағы инновациялық процестердің қарқынды жүруіне орай институтта «Жаңа технология» бөлімі ашылып, оның жұмысын жолға қою орыс тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі Е.Ж.Умеркуловаға жүктелді. Бөлім негізінен әлемнің елегінен өткен оқытудың жаңа технологияларын облыс мұғалімдерінің тәжірибесіне ендіру,нәтижесін сараптау бағытында жұмыс жасады.

Институт тарихында алғаш рет «Білім сәулесі» ақпараттық хабаршысы тоқсанда бір рет жарық көрсе, Халықаралық «Дауыс пен көрініс» журналының бір саны облыс мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарына арналып шығарылды. Мектеп директорларының шығармашылық және басқарушылық шеберлігін шыңдау мақсатында «Ізденіс» клубы құрылып, онда облыс бойынша 19 мектептің басшылары мүше болды.

Осы жылдары институтта жаңа технологиялар және инновациялық бағдарламалармен жұмыс жасау жақсы жолға қойылды.

2001-2004 жылдары Облыс әкімінің №357 бұйрығына сәйкес институт директорының қызметіне экономика ғылымының докторы Ирина Леонидовна Ким тағайындалды.

Қызылорда облысының әкімияты ҚР Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы №2335 «мемлекеттік мекеме туралы Заңы күші бар Жарлығына сәйкес 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының жергілікті өкілі және атқарушы органдары туралы Заңының 43 бабын басшылыққа ала отырып, 2002 жылдың мамыр айындағы №249 шешімімен «Қызылорда институты» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны атауын өзгертіп, «Қызылорда облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және ақпараттық техноло- гиялар институты» болып бекітілді.

Ол келген жылдары институттың жұмыс бағыты мен штаттық құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізілді.

Мамандардың біліктілігін арттыру жүйесінде өзінің жаңашылдығымен талап қоя білген басшы институттың құрылымын ең негізгі ықпалды күш ретінде сегіз кабинетке ықшамдады.Мемлекетіміздің күретамырына айналған сала мамандарының біліктілігін арттыруда жаңа бағдарламалар дайындалып, білім сатысы оқуларынан өткен тыңдаушылардың әр пән бойынша мониторингі жасалынды, деректер қоры жинақталды.

2001 жылы институт ІСМА-ның қолдауымен Евразия қорының грантын иеленді.

Институт жанынан мектеп қабырғасындағы дарынды балаларды іріктеп, әрі қарай дамытуға жүйелі түрде әдітемелік-практикалық көмек көрсету мақсатында «Дарын» орталығы ашылды.

Білім беру саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда, жаңа буын оқулықтарының талаптары бойынша соңғы үлгідегі оқытудың отандық және шетелдік жаңа технологиялары зерттелініп, оқу-тәрбие жұмыстарына пайдаланылып келді. Сорос-Қазақстан Демократиялық білім беру Орталығының «RWCT» жобасының «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту», «Өзін-өзі тану», «Тәй-тәй», «Ақыл-ой Одиссеясы», «Акселс» бағдарламаларымен жұмыстар жасалынып, әлемдік озық әдістер тәжірибеге енгізілді.

Тыңдаушыларды түрлі әдебиеттермен, мерзімді басылымдар және арнаулы әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз ету үшін 9000 кітап қоры, 4000 оқу-әдістемелік, 300 көркем әдебиет және көптеген газет-журналдардың тігінділері жинақталған кітапхана қызмет атқарды. Сонымен қатар «Хабаршы» ғылыми – методикалық журналы педагог қауымның сүйіп оқитын басылымына айналды. Тыңдаушыларға арналған 40 орындық жатақхана үздіксіз қызмет көрсетті. Халықаралық гранттардың иегері атанған институттың шарықтап, жетістіктердің жалауы желбіреген кезі осы жылдар болды.

 

2004 жылы. Облыс әкімінің шешімімен институттың басшылығына экономика ғылымының докторы, доцент Әлия Ғафурқызы Мұхамеджанова тағайындалды.

Жаңашылдығымен өз саласының майталманының бірі болған жас ғалымның институттағы басшылық бастамасы қызметкерлердің көңілдерінен шықты.

Осы жылы институттың 60 жылдық мерейтойы атап өтілді.

Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының соңғы 40 жылдағы дамуы мен материалдық-техникалық базасының нығаюына облыста «Әдістемелік орталық» болып қалыптасуы, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндіктер мен жағдайлар жасауда білікті педагог кадрларды іріктеуге 1964-1983 жылдары облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім, Кеңес Одағы халық ағарту ісінің озаты, қоғам қайраткері Уәли Төрәлиев пен 1983-2001 жылдары облыстық білім басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, педагогика ғылымдарының докторы Әли Мүсілімовтің еңбектері институт өмірінен өзіндік орын алады.

 

2007-2008 жылдары институтты Жаңыл Алпамысқызы Жонтаева басқарды.

Қызылорда облысының әкімінің 2007 жылдың 24 қаңтардағы №1 шешіміне сәйкес Облыстық білім беру департаментінің облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты (төтелей басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын) болып қайта құрылды.

Инстиуттың білім беру қызметімен айналысуға 2006 жылы 14 қыркүйекте берілген №0049450 номерлі мемлекеттік лицензиясы бар. Лицензияны Қызылорда облысының білім беру департаменті шектеусіз мерзімге берген.

Аймақтағы жалпы орта білім беретін мекемелерінің, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісін одан әрі дамыту бағытында “Мектепке дейінгі және жалпы білім беру” кабинетінде – 6 адам, “Кәсіптік білім беру” кабинетінде – 3 адам, “Білім берудегі менеджмент” кабинетінде – 2 адам, “Кешенді тәрбие және психология” кабинетінде – 3 адам, “Ақпараттық қамтамасыз ету” кабинетінде – 5 әдіскер жұмыс жасады. Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу мәселелерімен айналысатын, құрамында 7 әдіскер бар екі кабинет қызмет істеді.

Институтта білім сатысы оқуларын ұйымдастыру, курсаралық жұмыстар жүргізу, мониторинг пен диагностикалық сараптау жұмыстарын жүргізіп отырған, барлығы 26 әдіскер, әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын атқарушы 17 қызметкер, барлығы 43 адам жұмыс жасады.

2008 жылдан бері қарай Қызылорда облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтына физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Бауыржан Тәжімағанбетұлы Елеусінов басшылық жасап келеді.

2009 жылы институт кафедралық жүйеге көшті .

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы №616 қаулысына сәйкес Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 3 қазандағы №147 қаулысына сәйкес «Облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде облыстық коммуналдық меншік деңгейінен республикалық меншікке берілді.

Институт республикадағы 16 облыстық институттардың ішінде бірінші болып 2010 жылы Халықаралық Сапа менеджменті сертификатына ие болды. 2010 жылы институттың екі оқытушысы кандидаттық диссерта­цияларын ойдағыдай қорғаса, 2 оқытушы магистратура бітіріп, кафедралардың ғылыми потенциалын көтеруге жұмыс жасады.

Он-лайн, қашықтықтан оқыту, желілік педагогикалық қоғамдастықтың жұмыс жасауы үшін компьютерлік техниканың және мультимедиялық жабдықтардың базалары құрылды.

2011 жылдан бастап институтта ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын, тиімділігін арттыру мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті ғалымдарымен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің стратегиялық капиталы ретінде пән мұғалімінің инновациялық әрекетінің тұжырымдамасын әзірлеу» жобасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда 6 мектеп тірек мекемесі ретінде белгіленген және оларда 37 мұғалім жоба бойынша жұмыстар жүргізуде. Зерттеу жұмыстарын бағыттау бағытында жоба авторы Р.Б.Морзабаеваның қатысуымен 2 рет 3-күндік оқу семинары өткізілді.

2011 жылы республика бойынша 44 білім беру ұйымында электрондық оқыту жүйесі пилоттық жоба ретінде жүзеге асырыла бастады. Электрондық оқыту педагог мамандардың «өмір бойы білім алу» қағидасының қолжетімділігін арттырумен қатар, ауыл мен қала мектептеріндегі педагогтардың білім деңгейлерін теңестіру үшін өздігінен кәсіби шығармашылық траекториясын дамытуына мүмкіндік туғызып, әлемдік кеңістікке шығуына жол ашады.

Халықаралық деңгейдегі қызмет, басқа ұйымдармен байланыс

Филиал Ресей және басқа шетелдік оқу орындарымен, білім беру мекемелерімен келісім-шарт, меморандум негізінде жұмыстар атқаруда:

-       Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттықуниверситеті (Украина),

-    Томск облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты (Ресей),

-      Самара облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты (Ресей),

-       Тверь облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты (Ресей),

-       Смоленск мемлекеттік университеті (Ресей),

-       Монахов технологиясының орталығы (Тольятти, Ресей).

«Өрлеу» БАҰО» АҚ құрылуы

2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 232 қаулысымен 16 аймақтық және республикалық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттарын бір одаққа біріктірген «Өрлеу» БАҰО» АҚ құрылды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі №1 отырысының шешіміне сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалдары, оның ішінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» құрылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қараша 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ
incest porn, real incest, incest videos, incest sex porn,porn movies,free porn,free porn movies,sex,porno,free sex,tube porn,tube,videos,full porn,xxx,pussy
Free Porn, hd sex

Porn Watch, Hd Porn,Free Porn,Free Sex Videos

Free Porn

hd sex

watch the best quality sex site.