Институт директоры

 

Институт директоры– Елеусінов Бауыржан Тәжімағанбетұлы, физика-математика ғылымдары кандидаты, доцент, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі. 1990 жылы Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетінде 01.04.14 – жылу физикасы және молекулярлық физика мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

260-тан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, оның ішінде 5 оқу құралының, 2 монографияның және ҚР Білім және Ғылым Министрлігі ұсынысымен шыққан «Физика және астрономия. 9 класс» (казақ, орыс, өзбек және ұйғыр тілдерінде) оқулығының авторы. Мақалалары Қазақстан, Россия, Украина, Испания, Өзбекстан және Кореяның белгілі басылымдарында жарық көрген.

2009 жылы Қызылорда облысының 70 жылдығына арналған мерекелік медалімен, 2010 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы медалімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, ҚР Қызыл Ай қоғамының «Құрмет белгісімен», «Қызылорда облысы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2012 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен, Байқоңыр аймағы мемлекеттік және әскери қызмет еңбек ардагерлері бірлестігінің «Ұстаз ұлағаты» төсбелгісімен, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Үздік түлек» белгісімен және 75-жылдық мерекелік медалімен, 2015 жылы Қызылорда облыстық «Ерлік» қоғамдық бірлестігінің «За заслуги в патриотическом воспитании молодежи» медалімен марапатталған.

«Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы облыстық филиалы және ҚР Қызыл Ай қоғамы президиумдарының мүшесі, Облыстық білім басқармасы алқасының мүшесі, облыстық Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ