«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасы
- Толығырақ
- Қаралғаны: 4027 рет
Кафедра меңгерушісі Кожамберлиев Баймырза, философия ғылымдары докторы, профессор.
2005 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде 09.00.11 – әлеуметтік философия мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғаған. 150-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері, оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралы және ақпарат құралдарында танымдық мақалалардың авторы.
«Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген еңбегі үшін» төс белгілері, «Нұр-Отан» ХДРП-ның «Белсенді қызметі үшін» медалі, Қызылорда облысы Әкімінің стипендиаты, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «Үздік оқытушы-2009» грантының иегері, «Қызылорда облысына 70 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасының құрамы |
|
Кожамберлиев Баймырза |
Кафедра меңгерушісі, философия ғылымдары докторы, профессор |
Басанова Акманат Сериковна |
Аға оқытушы, магистр |
Орманов Оразбай Айтбаевич |
Аға оқытушы, магистр |
Козбахова Айгуль Каирбековна |
Аға оқытушы, магистр |
Кулымбетова Жанар Конысбековна |
Аға оқытушы, магистр |
Жалғасбаева Гүлвира Шерғазықызы |
Аға оқытушы, магистр |
Накыпбаева Жанар Болатбековна |
Аға оқытушы, магистр |
Ташева Лаззат Шаймерденовна |
Аға оқытушы |
Кусейнов Серик Абсадыкович |
Аға оқытушы |
Сагимбаев Казыбек Балтабаевич |
Аға оқытушы |
Таласбаева Гаухар Баракбаевна |
Аға оқытушы |
Айтбаева Әйгерім Ишанбекқызы |
Лаборант |
Бекенова Айнагул Аблазиевна |
Лаборант |
«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының жұмыс тақырыбы: «Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында білім беру ұйымдары басшылары мен әдістемелік жұмысты ұйымдастырушылардың кәсіби және басқарушылық құзырлылықтарын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қалыптастыру»
Мақсаты:
Білім беру ұйымдарында алқалық негізде ұйымдастырудың инновациялық әдіс-формаларын үйрете отырып, жаңаша біліктілік арттыру курстарынан өткен мектептің тәжірибелі мұғалімдерінің білім беру сапасын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан жүзеге асыруға ықпал ету.
Міндеттері:
- «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» мен «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру ұйымдарындағы тәрбие тұжырымдамасының» мақсат-міндеттерін жүзеге асыру арқылы үздіксіз білім беру жүйесінде сала мамандарының оқу және тәрбие технологияларын меңгерулеріне ықпал ету;
- білім беру (арнаулы білім беру) ұйымдарындағы мамандардың біліктілігін арттыруда сұраныстарды орындау және оқу-тәрбие үдерісін кешенді жүргізуді жоспарлауды жетілдіру;
- біліктілікті арттыру жағдайында білім беру саласы мамандарының шығармашылық әлеуетін дамыту;
- басшы және педагог кадрлар үшін өткізілетін біліктілікті арттыру курстарының ғылыми-әдістемелік негізде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
- білім беру мекемелеріндегі кадрларды қайта даярлау мониторингін жүзеге асыру;
- білім беру ұйымдары басшыларының педагогикалық менеджмент, педагогикалық ұжымды басқару ерекшеліктері бағытында білімдерін жетілдіре отырып, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға инновацияны ендіруге ықпал ету;
- білім беру ұйымдарының озық тәжірибелерін зерттеу, жинақтау және тарату;
- қосымша білім беру мекемелерінің мамандарына оқу-тәрбие үдерісін жаңаша ұйымдастыруға әдістемелік көмек, кеңес беру;
- оқу-тәрбие үдерісінде инклюзивті және арнайы білім берудің негізгі дидактикалық принциптерін, әдіс-тәсілдерін, талаптарын іске асыру бағытында педагогтардың кәсіби құзырлылығын жетілдіру;
- инклюзивті және арнайы білім беру бағыты негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- балалар үйінің барлық түрі және интернаттық типтегі мекемелер педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыратын оқыту-әдістемесін жетілдіру;
- білім беру ұйымдарының басшыларына бейінді оқытуды түрлерін ұйымдастыруға, мектепішілік басшылық пен бақылауды жүзеге асыруға ықпал ету;
- техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы мамандарға оқу-өндірістік және тәрбие үдерісін инновациялық тұрғыда ұйымдастыруға ақпараттық-әдістемелік көмек, кеңес беру.
Кафедраның құрамы
«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасында 13 қызметкер жұмыс жасайды:
Кафедра меңгерушісі – 1
Аға оқытушы – 11
Лаборант – 2
Ғылыми атағы бар ф.ғ.д., профессор – 1, п.ғ.д, доцент – 1