Институт қызметі
- Толығырақ
- Қаралғаны: 3343 рет
Институттың тақырыбы: Нәтижеге бағытталған білім беруде педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Институттың мақсаты: Қызылорда облысы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіне отандық және дүниежүзілік озық тәжірибелерді ендіру және педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамытуды қалыптастыру.
Институттың міндеттері
- Мемлекеттік білім саясатының қағидалары негізінде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың басым стратегияларын анықтау;
- Педагогтарды ғылыми-теориялық және практикалық білім-біліктермен қамтамасыз ету;
- Нәтижеге бағытталған білім берудің ғылыми-практикалық әдістемесін жасау;
- Облыстың білім беру қызметкерлері біліктілігін арттыруда жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне кеңінен енгізу;
- Тәжірибелік-алаңдарды және зерттеу жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру;
- Озат педагогикалық тәжірибені тарату, педагогтерді әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету;
- Ақпараттық-әдістемелік материалдарды шығару.
Институт қызметінің мақсат-міндеттері білім беру жүйесін реформалау талаптарына сәйкес алынған. Курстық шараларға дайындық барысында білім беру жүйесінің негізгі сатыларында болып жатқан өзгерістерді назарға ала отырып, біліктілік арттыру курстарында сол өзгерістердің толығырақ қамтылуы талап етіледі. Сол себепті, курстық шараларда сәйкесті саланың білім беру стандарттары өзгерістеріне арнайы талдау жасалып, тиісті нұсқаулар беріліп отырады.
Тақырыптың мақсат-міндеттерінің өзектілігі мен нақтылығы жылдық жоспарды жасауда ғана емес, оны жүзеге асыруда да үнемі басты назарда. Институт мақсаты мен міндеттерін анықтауда білім саласындағы соңғы өзгерістер басшылыққа алынады. Негізгі бағыт ҚР 2011-2020 ж арналған білім дамытудың, ҚР Білім берудің 2016 – 2019 ж арналған мемлекеттік бағдарламалары.