«ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ БАСПА ҚЫЗМЕТІ» БӨЛІМІ
- Толығырақ
- Қаралғаны: 2257 рет
Бөлім бастығы | Самуратова Жанна Бекетаевна |
Бас маман |
Жандилаева Нургуль Сейтбековна |
Махмутова Гулхаят Асылбайқызы | |
Мамбетжанов Жанабек Серикович |
«Қоғаммен байланыс және баспа қызметі» бөлімі – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің мақсаты:
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру қызметі нарығында Институт жұмысының жақсы имиджін қалыптастыру, Біліктілікті арттырудың жаңа жүйесін насихаттау және институттың ақпараттық-баспа қызметін дамыту.
Негізгі міндеттері:
- Институттың баспа және редакциялық-шығарылым қызметін: Республикалық, облыстық конференция, семинар материалдарының жинақтарын, ғылыми, оқу-әдістемелік және т.б. әдістемелік материалдарды шығарылымға дайындауды ұйымдастыру және іске асыру;
- Институт қызметі туралы қоғамды ақпараттандыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық мекемелермен тұрақты және тиімді байланысты іске асыру;
- Институтты жарнамалауды ұйымдастыру, конференция, семинар, басқосулардың өткізілуі туралы бұқаралық ақпарат құралдары үшін аналитикалық шолуларды, түсініктемелерді, хабарламаларды дайындау;
- Шығарылатын әдебиеттің полиграфиялық орындалуын, полиграфиялық және баспа МЖББС сәйкестігін, сапасын бақылауды ұйымдастыру;
- Дайын шығарылымдардың таратылуын бақылап, ұйымдастыру, Институт бөлімшелерімен ақпараттық-әдістемелік кеңес беру жұмыстарын орындау;
- Институттың PR-компаниясын ұйымдастыру және өткізу, құттықтау және т.б. арнайы баяндауларды дайындау;
- Жоспарланған әдебиеттерді шығару. Редакциялық-баспа топтамаларын орындау: редакциялау, қалыптастыру, түпнұсқаларды дайындау, көбейтіп шығару;
- «Хабаршы» ғылыми-әдістемелік журналын шығарылымға дайындау;
- Біліктілікті арттырудың жаңа жүйесін насихаттауға бағытталған материалдарды радио және телевидение арқылы тарату.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында педагог мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша жарияланымдарды зерделеу, мониторингтік талдау ұйымдастыру;
- Қолжазбаларға пікір беруді ұйымдастыру;
- Институттың халықаралық байланысын нығайту және байланыстарды кеңейту.
Бөлім шығармашыл педагогтармен бірлесе отырып, іс-тәжірибесінен алынған оқу-әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқау, бағдарлама, авторлық бағдарламалар, жұмыс дәптерін баспадан шығарады. Аттестаттау кезеңінде қала, аудан мұғалімдерінің өтініші бойынша қосымша басылымдар шығарылады.
Бөлімі жыл сайын халықаралық, республикалық, облыстық, аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар материалдарын, пресс-релиз, бағдарламаларын даярлау және басып шығаруды жүзеге асырады.
Филиал баспасынан тоқсан сайын «Хабаршы» ғылыми-әдістемелік журналы шығады.