14 желтоқсан 2016 жыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Кітапханалық қызмет көрсету: заман талабына сай жаңаша көзқарас» тақырыбындағы кітапханашыларға арналған облыстық семинар

2016 жылдың 14 желтоқсан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Кітапханалық қызмет көрсету: заман талабына сай жаңаша көзқарас» тақырыбында кітапханашыларға арналған облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның әр жылдардағы жетістіктері мен табыстарын насихаттау. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Елбасының жыл сайын жолдаған жолдауларын, тәуелсіздікке шыққан әдеби туындыларын насихаттау, сонымен қатар өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуге өз үлестерін қосып жүрген кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, өзара іс-тәжірибе алмасу.

Ұйымдастырылған іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, директордың орынбасары С.Серікбаев, Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі Б.Қожамберлиев, Қызылорда облысындағы колледж және мектеп кітапханашылары қатысты.

Облыстық семинар барысында төмендегі қатысушылардың баяндамалары тыңдалады:

  1. Оспанова Сауле – Сәкен Сейфуллин атындағы 4 мектеп кітапханашысы. Тренинг «Кітапханалық кеңістік: балаларды кітапханаға тарту жолдары»;
  2. Ералина Жарқын – Қызылорда политехникалық колледж кітапханашысы «Жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы кітапхананың рөлі»;
  3. Смайылова Зейнегүл – Шиелі ауданы, №205 мектеп кітапханашысы «Мәңгілік ел» ұлттың идеясын жүзеге асырудағы кітапхананың ролі»;
  4. Оразбахова Жадыра – Қызылорда қаласы, №136 мектеп кітапханашысы «Мектеп кітапханасын ақпараттандыру – білім беру мазмұнын жаңартудың негізі»;
  5. Нұртаева Сымбат – Жалағаш ауданы, №38 мектеп кітапханашысы «Оқырманның кітап оқуға қызығушылығын арттыру жолы – заманауи іс-шараларды ұйымдастыру»;
  6. Ибрагимова Бақыт – Қызылорда құрылыс және бизнес колледж кітапхана меңгерушісі «Кітапхана – шығармашылық пен жаңашылдық әлемі»;
  7. 7.                  Балдақова Айғаным – Жалағаш индустриалды-аграрлық колледж кітапханашысы «Студенттердің шығармашылық белсенділігін арттырудағы кітап оқудың маңызы»;
  8. Қалдыбекова Назира – Жаңақорған ауданы, №213 мектеп кітапханашысы «Мектеп кітапханасы – шығармашылық пен жаңашылдық әлемі»;
  9. Кенжебаева Жадыра – Қазалы ауданы, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің кітапханашысы «Студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы кітапхананың рөлі»
  10. Кузембаева Сулуай – Қармақшы ауданы, №279 мектеп кітапханашысы «Кітапхана жұмысының маңызы мен оқу-тәрбие процесіндегі атқаратын ролі»;
  11. Айман Асанова – №176 орта мектебінің кітапханашысы «Заман талабы кітап оқуды қолдау және дамыту». Кітапханашылардың іс-тәжірибесінен кітап оқуды насихаттау, ақпараттық және функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған әдістер «Keyword Hexagon» дегеніміз не? Оны кітапханада қолдану. Кейворд Гексагон арқылы кітапты кілт сөздер көмегімен талқылап оқуға мүмкіндік беретіндігін, ал «Синквейн» әдісімен (5 жолды өлең) құрастырып, қорытындылау. Аталған әдістер оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, визуалды сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Осы ойын әдісін кітапханада пайдалану үшін семинарға қатысушы кітапханашылармен тәжірибелік түрде көрсетіп, ұйымдастырылды.

Семинар жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кітапханасының меңгерушісі Гүлнар Нүрекеева қорытындылап, семинар барысында белсене қатысып, шығармашылық ізденіс танытқан мектеп, колледж кітапханашыларына Алғыс хат және сертификаттар табыстады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ