Облыстық ІІІ педагогикалық Мағжан оқулары

2017 жылы 15 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі бірлесіп                 ІІІ Педагогикалық облыстық Мағжан оқуларын өткізді.

Педоқуға облыстың барлық білім беру мекемелерінен тыңдаушылар қатысып, секция жұмыстарына 90-нан аса баяндамалар түсті.

Педоқу алаңы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж мұғалімдері мен студенттерінің «Білім нұры» педагогикалық табыстар галереясымен танысудан басталды.

Пленарлық мәжіліс бөлімін колледж директоры, п.ғ.к. Ә.Әбдіхалықова ашып, білім саласындағы инновациялық өзгерістерге тоқталды.

Жиын барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы М.Орманова «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагог кадрларды дайындау мәселелері», Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласы филиалы тренерлері, аға менеджерлер Қ.Абдраманова мен Е.Оспанов «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау», Қызылода қаласындағы №3 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі, жаңартылған білім беру бойынша бастауыш білім беру мұғалімдерінің облыстық тренері Г.Омарова «Бастауыш сынып оқушыларының бойында коммуникативтік дағдыларды (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастыру жолдары» тақырыптарында бандамалар жасады.

М.Орманова өз баяндамасын «Әлем қалай өзгеруде? Біздің балаларымыз нені білуі керек? Біздің өзіміздің мектепте үйренген білім мен дағдыларымыздан қандай айырмашылығы бар?» атты сауалын тастап, аудиториямен диалогтік қарым-қатынасқа жасау арқылы бастады. Біліктілікті арттыру курсы барысында қарастырылатын мәселелерге терең шолу жасай келе, М.Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тұжырымдарын Ресей ғалымдары пікірлерімен салыстырмалы түрде талдау жасап, өз практикасына қандай әдістер арқылы негіздеуге болатынына тоқталды.

Педоқу «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагог кадрларды дайындау мәселелері», «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы оқыту мен оқудағы жаңашыл тәсілдер», «Қазақстан: Ұлы мақсаттар, идеялар, тұжырымдар» және «Мәңгілік ел» патриоттық актісі бағытындағы іс-тәжірибелер мақала, баяндама, тәжірибелік іс-шаралар» тақырыбындағы секциялары бойынша жалғасын тапты.

Іс-шара соңында колледж директоры Ә.Әбдіхалықова «Мағжан оқулары» деңгейін республикалық дәрежеде өткізу туралы жоспарымен ой бөлісіп, облыстық шығармашыл мұғалімдер ассоциациясын құру туралы ұсынынысын білдірді.

Педоқуға қатысушыларға сертификаттар мен үздік танылған жұмыстар дипломдармен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ