«Үштілді білім беру мәселелері» тақырыбындағы тренинг

2017 жылдың 15 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Филология, тарих және құқық» факультетінің бірлесе ұйымдастыруымен «Үштілді білім беру мәселелері» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренингке «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетінің профессор-оқытушылары мен практикалық ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары қатысты.

Тренинг барысын факультет деканы, т.ғ.к. С.Тайманов бастап, үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы М.Орманова «Үштілді білім беру жағдайында оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында баяндама оқып, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асырудағы білім саласына арналған 76, 79, 89 қадамдарға тоқталды. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу. Ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ескеріп, мектепте білім беру стандартын жаңарту көп тіл білетін тұлғаны қалыптастыру жолдарын саралады.

Жалағаш ауданындағы №202 орта мектептің география пәні мұғалімі Ж.Нұрланқызының үштілде жасаған «Жаратылыстану терминдері, Термины естествознания, The terms of natural science» атты жұмыс дәптерімен таныстырды.

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясаты жөніндегі өзекті мәселелер төңірегінде «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы А.Абасилов «Тілдер қарым-қатынас теориясы», «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. М.Жұмағұлова «Үштілді білім беруді меңгерту – заман талабы», «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Ш.Абадилдаева «Үштілділіктің маңызы мен қажеттілігі» тақырыптарында мазмұнды баяндамаларын оқыды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ