Қалиев Кенжебай

 

Қалиев Кенжебай 19922002 жылдар аралығында физика және астрономия кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды. Осы жылдары ол Қорқыт Ата атындағы университеттің оқытушыларымен біріге отырып «Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары» тақырыптарында білім сатысы оқулары мен облыстық семинарларды өткізіп отырды. Сонымен бірге «Оқытудың модульдік-рейтінгілік жүйесін» мұғалімдер арасында аса белсенділікпен  насихаттады. «Кинематика мен динамика есептері және оны шығару тәсілдері» атты кітапшасы жоғары сынып оқушылары мен физика пәні мұғалімдері үшін таптырмайтын оқу құралына айналды.

Байжанұлы Махмұт

 

Байжанұлы Махмұт 19692001 жылдары институттың еңбек оқуы және кәсіптік бағдар, тәрбие жұмыстары, мектеп басшыларының біліктілігін арттыру кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды. Отыз жылдан астам әдіскерлік қызметінде білім беру жүйесіндегі  үш реформаны жүзеге асыруға белсене араласты. Білім сатысы оқуларындағы дәрістердің ықшамдалған мазмұны «Мектепішілік басқару», «Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары», «Сабаққа педагогикалық талдау жасау» атты кітапшалары облыс мектептеріне таратылды.

 

 

Серікбаева Жаса Көпешқызы

 

Серікбаева Жаса Көпешқызы 1955 жылы 23 қарашада Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.

1981 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университетін химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

1972-74жылдары Жалағаш ауданы, Жалағаш совхозының бастауыш комсомол комитетінің секретары, 1981-91 жылдары Жалағаш ауданы №114 мектепте химия, биология пәндерінің мұғалімі, 1991-2000 жылдары облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында химия кабинетінің 

Толығырақ...

Касымканова Роза Жумагазиевна

Касымканова Роза Жумагазиевна 1956 жыл 11 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 

1976 жылы Алматы шетел тілдері педагогикалық институтының «Француз тілі» мамандығына оқуға түсіп, оны 1980 жылы бітіріп, «Француз тілі мұғалімі» біліктілігін алған. 

Касымканова Р.Ж. еңбек жолын 1973 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Тереңөзек совхозында сушы болып бастаған. 

1980 жылдан 1985 жылға дейін Қызылорда «Асханалар мен ресторандар трестінде» экономикалық білім инженері қызметін атқарған. 

1985 жылдан Қызылорда №3 кәсіптік техникалық училищесінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Толығырақ...

 

 

 

      

Сауалнама

 

  

Галерея

Күнтізбе

<< < Қазан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Яндекс.Метрика

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ


Педагогикалық өлшемдер орталығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИДЕО-САБАҚ ПОРТАЛЫ